Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Болашақ медицина
колледжінің студенттерінің арасында «Көшбасшылық- қауымдастықтарға»
ұранымен 2023 жылдың 23 қарашасында кездесу өтті. АИТВ-ның алдын алу
шараларын кеңінен насихаттау мақсатында ЖИТС орталығының
эпидемиологы Г.Жұмабековамен студенттерге АИТВ-ның жұғу жолдары,
індеттік ахуалы, сақтану шаралары,стигма және дискриминация
тақырыптары түсіндірілді. АИТВ/ЖИТС инфекциясының жыныстық жолмен
таралуының алдын алу мақсатында студенттермен рөлдік ойындар
ойнатылды.Сонымен қатар, жастар денсаулық орталығынан валеолог маман
А.Кулмуратова қатысып, есірткінің, алкогольдің зияндылығы туарлы айтып,
салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Студенттер арасында АИТВ
инфекциясының алдын алу мақсатында ақпарттық танымдық материалдар
таратылды, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар көкейлерінде жүрген
сұрақтарын қойып, пікір алмасу болды.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1078-bolasha-meditsina-kolledzhini-studentterini-arasynda-kezdesu#sigFreeIddd89068ea0