23 Қараша 2023
204

Автобекет жолаушылары АИТВ жайлы ақпараттандырылды

Автобекет жолаушылары АИТВ жайлы ақпараттандырылды
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облыстық ЖИТС
орталығының мамандары қаланың автобекет келушілерімен жолаушыларына
АИТВ/ЖИТС-тің таралу жолдары, қазіргі таңда қалыптасып отырған
эпидемиологиялық жағдай, алдын алу шаралары туралы түсіндірме
жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 20-шы қараша мен 1-ші желтоқсан аралығында
республика мен облыс көлемінде «Көшбасшылық қауымдастықтарға»
ұранмен жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне
арналған Кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпараттар берілді.
Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС тақырыбында ақпараттық-білім беру
материалдары таратылды.