Қазалы ауданы оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Қазалы ауданы ЖИТС орталығы филиалының мамандарының
ұйымдастыруымен №165 орта мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес
күніне орай «Көшбасшылық Қоғамдастықтарға» тақырыбында 11 сынып
оқушылары арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында
кездесу өтті. Іс-шара мақсаты жастар мен жасөспірімдерді зиянды
әдеттерден сақтандыру, АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез құлық
дағдысын қалыптастыру салауатты өмір салтына бағыттау. Іс-шара барысын
ЖИТС орталығы Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшілері Ұ.Жүсіп,
Т.Айбасов жүргізіп, оқушыларға
республика, облыс көлемінде
АИТВ/ЖИТС-тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу,
сақтану шаралары және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру
жөнінде ақпараттар берілді.
View the embedded image gallery online at:
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1064-zaly-audany-o-ushylaryna-t-sindirme-zh-mystary-zh-rgizilude#sigFreeIded3fe318e9
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1064-zaly-audany-o-ushylaryna-t-sindirme-zh-mystary-zh-rgizilude#sigFreeIded3fe318e9