«КӨШБАСШЫЛЫҚ-ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА» тақырыбымен №37 мекемеде
өткізілген іс-шара
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық
орталығының ұйымдастыруымен №37 мекемеде іс-шара өткізілді.
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді.
Бүл күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету
үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әр жылы белгілі бір тарқырыпта өтеді.
Биылғы жылы бұл тақырып теңдікке арналып, 2023 жылы «КӨШБАСШЫЛЫҚ-
ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА» тақырыбында өтуде. АИТВ-инфекциясына қарсы
жүргізілген іс-шараларды қауымдастықтар бірлесе жүргізсе, әлемде ЖИТС-ын
тоқтатауға мүмкіндіктер зор болады. АИТВ-мен күресте және эпидемияға қарсы
тұру бағытындағы жұмыстарда қауымдастық ұйымдар алдыңғы қатарда.
Қауымдастықтар адамдар арасындағы сенімділікті арттырады, инновацияларды
енгізеді, саясатты жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді бақылайды. Бірақ
қауымдастықтарға көшбасшылық жетіспейді. Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес
күні - бұл қоғамдық жетістіктерді еске алу күні ғана емес. Бұл қауымдастықтардың
мүмкіндіктерін кеңейтетін және оларға осы күресті басқаруға көмектесетін
әрекеттерге шақыру. Басты мақсаты - АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы
хабардарлықты арттыру, стигма мен кесітушілікті жою және АИТВ жұқтырған
адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Кездесу барысында
әлемдегі, республика және облыс аймағындағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-
ның берілу жолдары, алдын алу шаралары жөнінде айтылды. АИТВ инфекциясына
байланысты стигма, дискриминацияға (таңба басу, алалау, кемсіту) жол бермеуге,
оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға
шақырды. Семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікір таласпен қатысушылар
тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауап берілді. Ақпараттық
танылымдылық материалдар таратылды.
View the embedded image gallery online at:
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1063-k-shbasshyly-auymdasty-tar-a-ta-yrybymen-37-mekemede-tkizilgen-is-shara#sigFreeIda0e54b9fdc
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1063-k-shbasshyly-auymdasty-tar-a-ta-yrybymen-37-mekemede-tkizilgen-is-shara#sigFreeIda0e54b9fdc