30 Қараша -0001
179

Қызылорда көпсалалы жоғары колледжі студенттерінің арасында кездесу

Жыл сайын 1 желтоқсанда  Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады. Бұл күні АИТВ-мен күрестің әлі де болса аяқталмағанын, оның өзектілігін еске сала отырып,  АИТВ-ның адам өміріне әсері, осы аурудың жұғу ,алдын алу жолдары, АИТВ- жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптарында әр түрлі форматта мағлұматтар берілді. Биылғы жылдың ұраны «Көшбасшылық -қауымдастықтарға»  («Лидерство-сообществам»). Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізуде. Алайда біз оны жеңуіміз қажет. Сондықтан ЮНЕЙДС әрқайсымызды осы күні  ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақырады.  2023 жылы 21  қарашада  Қызылорда көпсалалы жоғары колледжі студенттерінің арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында орталықтың эпидемиолог маманы  АИТВ/ ЖИТС-тің алдын алу мақсатында студенттерді індеттік ахуалмен, сақтану шараларымен таныстырып ,тренинг жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты.

 Г.Жұмабекова, эпидемиолог маманы