Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады. Бұл күні АИТВ-мен күрестің әлі де болса аяқталмағанын, оның өзектілігін еске сала отырып, АИТВ-ның адам өміріне әсері, осы аурудың жұғу ,алдын алу жолдары, АИТВ- жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптарында әр түрлі форматта мағлұматтар берілді. Биылғы жылдың ұраны «Көшбасшылық -қауымдастықтарға» («Лидерство-сообществам»). Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізуде. Алайда біз оны жеңуіміз қажет. Сондықтан ЮНЕЙДС әрқайсымызды осы күні ЖИТС-ке қарсы күресте ілгерілеуге кедергі келтіретін теңсіздіктермен күресуге шақырады. 2023 жылы 21 қарашада Қызылорда көпсалалы жоғары колледжі студенттерінің арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында орталықтың эпидемиолог маманы АИТВ/ ЖИТС-тің алдын алу мақсатында студенттерді індеттік ахуалмен, сақтану шараларымен таныстырып ,тренинг жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты.
Г.Жұмабекова, эпидемиолог маманы
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1059-yzylorda-k-psalaly-zho-ary-kolledzhi-studentterini-arasynda-kezdesu#sigFreeId701e8bb149