21 Қараша 2023
183

Мектеп оқушылары ақпараттандырылуда

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Қызылорда қаласындағы №15  мектеп-лицейде «Көшбасшылық қауымдастықтарға» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығы мамандарымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары жөнінде айтылды. АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияға (таңба басу, алалау, кемсіту) жол бермеуге, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.