21 Қараша 2023
216

Мектеп оқушылары ақпараттандырылуда

Мектеп оқушылары ақпараттандырылуда

 

Қармақшы ауданында "Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні" қарсаңында "Көшбасшылық-қауымдастықтарға" ұранымен С.Есқараев атындағы №27 орта

мектепте ата-аналар арасында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Қызылорда Житс Орталығының аудандық аурухананың психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Айткул Балмаханова Майданбайқызы,СӨСҚ маманы Д.Құлмырзаева, мектеп директоры Раймов Нұржан қатысты.

Шара барысында ЖИТС-тің алдын алу, жыныстық тәрбие, зиянды әдеттердің алдын алу, отбасы құндылықтары, әр адамның денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, инфекциялық аурулардан сақтану, салауатты өмір салтын ұстану жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

 

 

#Көшбасшылық_қауымдастық

#Лидерство_сообществам