Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді. Бүл күні бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әр жылы белгілі бір тарқырыпта өтеді. Биылғы жылы бұл тақырып теңдікке арналып, 2023 жылы «КӨШБАСШЫЛЫҚ-ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА» тақырыбында өтуде.
АИТВ-инфекциясына қарсы жүргізілгеніс-шараларды қауымдастықтар бірлесе жүргізсе, әлемде ЖИТС-ын тоқтатауға мүмкіндіктер зор болады.
АИТВ-мен күресте және эпидемияға қарсы тұру бағытындағы жұмыстарда қауымдастық ұйымдар алдыңғы қатарда. Қауымдастықтар адамдар арасындағы сенімділікті арттырады, инновацияларды енгізеді, саясатты жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді бақылайды.
Бірақ қауымдастықтарға көшбасшылық жетіспейді. Қаржыландыру тапшылығы, саяси және нормативтік шектеулер, ресурстар тапшылығы салдарынан белсенділіктің төмендеуі— осының барлығы АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша қызметтерді табысты ұсынуға және алуға кедергі келтіреді. Егер бұл кедергілер жойылса, қауымдастық ұйымдары ЖИТС-ті жеңуге өз үлестерін қоса отырып, әлемдік деңгейде АИТВ-ға қарсы іс-қимыл шараларына одан да үлкен серпін бере алады.
Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні - бұл қоғамдық жетістіктерді еске алу күні ғана емес. Бұл қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтетін және оларға осы күресті басқаруға көмектесетін әрекеттерге шақыру.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні адамдар мен үкіметке АИТВ-мен күрестің әлі де аяқталмағанын, оның өзектілігін еске салады.Басты мақсаты-АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кесітушілікті жою және АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Облыс көлемінде халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, ЖИТС-тің алдын алу шараларын пәрменді жүргізу мақсатында 20 қараша мен 1-ші желтоқсан аралығында ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған 10 күндік науқан жүргізілуде. Науқанның басты мақсаты: қоғамда АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға алалау, кемсіту, бөлу секілді көзқарастарды болдырмау, халыққа АИТВ/ЖИТС жайлы түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру, дертті жұқтырып алғандарға медициналық жәрдем беру, инфекциямен өмір сүріп жатқандарға психологиялық-әлеуметтік, моральдік көмектің жасалуына ықпал жасау, осы проблемаға халықаралық, отандық, үкіметтік емес мекемелерді тарту, халықтың осал топтары үшін жасалатын арнайы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1052-k-shbasshyly-auymdasty-tar-a-ranymen-zhits-ke-arsy-k-res-k-ni-tude#sigFreeId2162b5f474