13 Қараша 2023
270

ЖИТС-ке қарсы күрес шаралары

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Қызылорда қаласындағы №187 мектеп-лицейде «АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығы мамандарымен кездесу болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты оқушылардың АИТВ жөнінде білім деңгейлерін көтеру, АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминацияға (таңба басу, алалау, кемсіту) жол бермеу, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру   болып табылады.