Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының аясында бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде студент жастар арасында кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу барысында облыстағы АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігер эпидемиологы - Жұмабекова Гүлсім Рахманбергенқызы, Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күнін өткізудің өзектілігі, мақсаты - орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Утепова Жамила Дүйсенбайқызы, АИТВ инфекциясына байланысты стигма және дискриминация ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері - Кистаубаева Жанимкул Кистаубайқызы түсіндіріп өтті. Кездесудің мақсаты оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез-құлық қалыптастыру.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1045-aitv-ny-aldyn-alu-sharalary-9#sigFreeId2fb4127e2b