Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университеті білім алушылармен кездесу болды. Кездесу
барысында ЖИТС орталығы мамандары АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану
шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соңында білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттық білім беру материалдары
таратылды.
Смағұлова Нұргүл - Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған
қарсы күрес жөніндегі орталықтың педагогы