27 Қазан 2023
229

Медицина қызметкерлері арасында семинар

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігерлері Ж.Кистаубаева ,  Г.Жұмабекова №1 қалалық емханада  АИТВ инфекциясының  алдын алу мақсатында әдістемелік практикалық көмеккөрсетіп ҚР ДСМ “АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы  27.11.2020 жылғы   №211бұйрығына сәйкес  медицина қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинар барысында тұрғындарды АИТВ инфекциясына тестілеуден өткізуге сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар тестілеу, АИТВ-ның облыстағы індеттік ахуалы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, атқарылатын іс-шаралар , қан алу сақтау тасымалдау ережелері бойынша  ақпараттар берілді. Нормативтік құжаттармен таныстырып, медицина қызметкерлері тарпынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

ЖИТС орталығының ұйымдастыру

әдістемелік бөлімінің дәрігері    Ж.Кистаубаева