Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу шараларын тұрғындар арасында да насихаттау әсте бәсеңсіген емес. Соның бір айғағы ретінде Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектеп базасында ата-аналар арасында «Балалардың репродуктивті тәрбиесін ерте жастан қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында кездесуге қатысып, тұрғындарға АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, одан сақтану шаралары, туралы мәліметтер беріп, әр ата-анаға балаларының АИТВ инфекциясын жұқтырмау өз қолында екені түсіндірілді.
Кездесу барысында «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының мамандары отбасылық құндылықтар жөнінде семинар тренинг өткізсе, жастар денсаулық орталығының гинекологы жыныстық тәрбие туралы және өз орталықтарының жұмысы жөнінде айтып өтті.
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1023-aldyn-alu-sharalary-zhal-asuda-3#sigFreeId59843cefa6