АИТВ туралы Шиелі тұрғындары ақпараттандырылды
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі ауданындағы филиалы медиа жоспарға сәйкес, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында орталық сапаржайдың радиохабарлағышы арқылы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Радиохабарлама 3 минут көлемінде 5 рет хабарланды.
АИТВ -(адамның иммуно тапшылығының вирусы немесе ВИЧ- вирус иммунодефицита человека) ЖИТС-(жұқтырылған иммуно тапшылығының синдромы, немесе СПИД –синдром приобретенного иммунодефицита) қазіргі уақытта ғасыр дертіне айналып отыр, және жылдан жылға ғасыр дертінің өсу үрдісі байқалады. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні жасауға жұмыстар жүргізіп біршама жетістіктерге жеткенімен, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу – инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы.
Қазіргі күнге эпидемиологиялық жағдай; 2023-ші жылдың маусым айының 30-на Республика бойынша өспелі көрсеткіш бойынша барлығы 52533 АИТВ жұқпасы тіркелген, оның ішінде: ҚР азаматтары-49286, шетел азаматтары-2734.
2023-ші жылдың алты айында Республикада 2083 АИТВ жұқтырған тіркелген, соның ішінде ҚР азаматтары-1988, былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 75 жағдайға өскен, ал облыс бойынша былтыр 24 болса, биыл 26 адам тіркеліп, 2 жағдайға өсіп отыр.
Өсу үрдісімен 2023 жылдың 30-шы маусымына Қызылорда облысында барлығы 316 адам тіркелген, оның ішінде шетел азаматтары-35, баспанасыздар-3, Қазақстан азаматтары 278, оның ішінде облыс тұрғындары 256, басқа облыстан келгендер 22; аудандар кесімінде Арал 16, Қазалы 19, Қармақшы 13, Жалағаш 4, Сырдария 5, Шиелі 22, Жаңақорған 21, Байқоңыр 15, Қызылорда қаласынан 141 тіркеліп отыр.
Жалпы Республикада да, біздің облыста да АИТВ-ның індеттік жағдайы күрделеніп келеді, оның ішінде біздің ауданда да жоғарғы көрсеткіш көрсетуі, яғни өсу үрдісімен осы уақытқа дейін тіркелген 22 адамның 5-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер,10-ы жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 4-уі жүкті әйел, 1-уі бір жасқа дейінгі бала болғаны, бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайтыны сонымен қатар соңғы бес жылда 11 жағдай тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жағдай.
Осыған орай мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі лауазым иелерінің, жауапты мамандардың аурудың алдын алуда, тұрақтандыруда, ерте анықтауда кәсіби жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.
АИТВ мынадай жолдармен жұғады:
1.-қан арқылы:
- АИТВ жұқтырған донордың мүшесін я болмаса тіндерін салдыру кезінде немесе қан құю кезінде;
-есірткіні тамырға салу үшін ине мен шприцтерді бірлесе пайдалану кезінде;
-медициналық амалдарды стерильденбеген құрал-жабдықтармен атқарған кезде;
-татуаж және пирсинг аспаптарын стерильденбеген күйде бірлесе пайдаланған кезде жұғады.
-біреудің қырыну заттары мен тіс шеткаларын да пайдалану арқылы жұғуы мүмкін.
- Жыныстық қатынас арқылы.
Статистикалық көрсеткіштер жыныстық жол негізгі жұғу жолы екенін көрсетіп отыр. ЖИТС адамдарға 80-90% жағдайында жыныстық қатынас кезінде жұғады.
- АИТВ жұқтырған жүкті әйелден, туу кезінде және емшек сүті арқылы емізген кезде балаға жұғады.
АИТВ-ны жұқтырып алмас үшін не істеу керек?
-қандай да бір қаннан бойыңызды аулақ ұстаңыз;
-есірткіге, оның ішінде, СПИД жұқтыру қаупі жоғары тамыр арқылы егетін түрлеріне жоламаңыз;
-некесіз, кездейсоқ кез-келген жыныстық қатынастан аулақ болыңыз, мүшеқап пайдаланыңыз.
АИТВ-инфекциясы қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды проблемасы болып қалып отыр. Қазақстанда АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі төмен және тұрақты деп есептеледі, дегенмен жоғарыдағы нақты эпидемиологиялық деректер АИТВ – инфекциясының одан әрі таралуын дәлелдейді. Жыл сайын анықталатын жағдайлардың саны төмендемей, Қазақстанда эпидемияның дамуы әлемдегі барлық елдердегідей, жыныстық жолмен жұқтыру жағдайларының артуымен сипатталады. Осы ауруға ұшырап отырғандардың дені жастар,67 пайызын 17-39 жастағыларды және жұмысқа қабілетті адамдарды құрап отыр.
Сондықтан да АИТВ/ЖИТС-ті болдырмау үшін профилактикалық іс-шараларды насихаттау шараларын өткізумен, ақпараттану деңгейін арттырумен, салауатты өмір салтын жарнамалаумен, есірткіден және кездейсоқ сексуальдық байланыстардан бас тарту, тұрақты серіктесінің денсаулығы туралы қамқорлық жасаумен жалғасуға тиіс. Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда, АИТВ-ны жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін баршамыздың білгеніміз жөн.
ЖИТС ОО-ның Шиелі аудандық филиалында АИТВ-ға тексеретін жасырын тестілеу кабинеті жұмыс жасайды, осы кабинет арқылы АИТВ-ға тегін тексеріліп өзіңді толғандырған сұрақтарға жауап алуға болады.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ: 8-724-32-4-32-88
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1016-aitv-turaly-shieli-t-r-yndary-a-parattandyryldy#sigFreeIde0dac6c6ce