27 Қыркүйек 2023
276

«ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС-де семинар тренинг

«ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС-де семинар тренинг

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы С.Сарсенбаева, емдік көмек көрсету бөлімінің дәрігері А.Исмаилованың  қатысуымен «AIEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС-де медицина қызметкерлері арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды.

         Қазіргі таңда қатерлі дерттен сақтану жолында түсіндірме, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңызы зор екеніне тоқталып, республикадағы, облыстағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, оның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы, қанды алу, тасымалдау барысында, яғни биоматериалды алу қағидаларын қатаң сақтауды, апат жағдайы болғанда, АИТВ инфекциясының кәсіптік жұқтырудың алдын алу шаралары жөнінде кеңінен мағұлмат берілді.  Медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды.

 

 

 Эпидемиологиялық бөлімнің

 дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева