16 Қыркүйек 2023
228

ЖИТС iндетi түсiнiктi тiлмен айтқанда СПИД ауруының ХХ-ғасырдың аяғында бiзбен бiрге ХХI ғасырға енген маңызды және қайғылы мәселе

ЖИТС iндетi түсiнiктi тiлмен айтқанда СПИД ауруының ХХ-ғасырдың аяғында бiзбен бiрге ХХI ғасырға енген маңызды және қайғылы мәселе. Ауру тез қарқынмен дамуда. Ол жүз миллиондаған адамның өмiрi мен болашағына балта шабуда.

Әйткенмен күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу шараларын  насихаттау әсте бәсеңсіген емес.   Соның бір айғағы ретінде  Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің білім алушыларына АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы мәлімет берілді.