31 Тамыз 2023
259

Облыстық ЖИТС орталығында медицина қызметкерлері арасында  білім деңгейлерін көтеру мақсатында семинар мен аттестация ұйымдастырылды

ҚР ДСМ-нің 31.07.2023ж. кеңес қорытындысымен берілген хаттамалық тапсырмасын башылыққа ала отырып, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы бас дәрігерінің 08.08.2023ж. «Аудандық филиал, ПӘК кабинеттерінің және  облыстық ЖИТС орталығының медициналық қызметкерлері арасында семинарлар ұйымдастыру және білім деңгейлерін тексеру туралы» №83-ө бұйрығы дайындалып, ЖИТС орталығының медициналық қызметкерлерінің (дәрігерлер, эпидемиологтар,мейірбикелер, эпидемиолог-көмекшілері  және кіші буынды қызметкерлер) арасында «Зерттеу жүргізу үшін  биоматериалдарды  алу»  нұсқаулығы (РИ 05.22), «АИТВ инфекциясына және басқа зертханалық зерттеулерге арналған биоматериалды  алу ережелері» (СОП 08.01.23), «OnSait HIV AG/AbGen жедел тест жүйесінде қан сарысуындағы/плазмасындағы АИТВ-1,2 вирусына антиденелерді сапалы анықтау» (СОП 08.28.22)  стандарттық операциялық рәсімдерді, «Байланыстан кейінгі  алдын алу шаралары»  алгоритмі, АИТВ инфекциясының және басқа да қан арқылы берілетін  инфекциялардың алдын алу, медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату,жеке қорғаныш құралдарын  пайдалану тәртібі  бойынша білім деңгейін көтеру және  тексеру мақсатында орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаевамен, дәрігер-эпидемиологі А.Садваксовамен, ИФТ зертханасының дәрігер-лаборанты З.Бекқожаевамен  семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында АИТВ инфекциясына жедел-тест қою ережесі бойынша практикалық сабақ өткізіліп, қорытындысымен медицина қызметкерлері ауызша сұрақ-жауап форматында аттестация ұйымдастырылды.

Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі

С.Балықбаева