2023 жылдың 24-ші тамаызында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 27.04.2023ж №210 “Облыс бойынша пенитенциарлық мекемелерде АИТВ инфекциясын мекемеішілік жұқтыру қаупінің алдын алу туралы» бұйрығы бойынша 04.05.2023 жылы өткізілген бірлескен мәжіліс хаттамасының 2023ж 6 айында орындалуы бойынша ОДСБ, Облыстық қылмыстық атқару жүйесі дерпатаменті және облыстық ЖИТС орталығымен бірлескен мәжіліс өткізілді.
Қазіргі таңда республика бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы - өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
2023 жылдың 6 айында Республика бойынша 1988 жаңадан АИТВ жұқтырғандар тіркелген, соның ішінде 83 ауру қамалғандар мен сотталған арасында анықталды. 72 ауру тергеу изоляторларына түскен кезде, 11 ауру түзету мекемелерінде тіркелгені ЖИТС орталығы мамандарын алаңдатуда.
Бірлескен мәжілістің басты мақсаты- ол біздің облысымызда қамалғандар мен сотталғандар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және мекемішілік таралу жағдайларын болдырмау екені айтыла келе, алдағы уақытта қамалғандар мен сотталғандарды уақытылы АИТВ-инфекциясына тексеруді жалғастыру, арнайы контингент арасында АИТВ-ның алдын алу тақырыбындағы жұмыстарды жандандару бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
С.Балықбаева
https://korda-aids.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/1004-penitentsiarly-mekemelerde-aitv-infektsiyasyny-aldyn-alu-zh-mystary-bojynsha-m-zhilis-tkizildi#sigFreeIdb227175ea4