АИТВ – бұл адамның иммундық тапшылығының вирусы. АИТВ ағзаны әртүрлі инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйені әлсіретеді. ЖИТС – жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы.
Иммундық жүйе әлсіреген жағдайда адам әртүрлі, әсіресе инфекциялық (туберкулез және пневмония) ауруларға осал келеді. Бүгінгі таңда медицинаға АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын алу туралы жеткілікті дәрежеде белгілі. АИТВ-оң әйелдер дені сау, жұқтырылмаған балаларды дүниеге әкеле алады. Алдын алу шараларын жүргізу барысында бұл қауіпті 2% дейін төмендетуге болады. Жүктіліктің бірінші жартысында әйел айына 1 рет, жүктіліктің 20 аптасынан кейін 2 рет, 32 аптадан кейін айына 3-4 рет кеңес алып тұруға тиіс. АИТВ-ның анадан балаға берілуі қандай жағдайда жүзеге асуы мүмкін? Жүктілік кезінде жұқтыру. Жүктілік кезінде ананың
қанындағы вирус ұрыққа плацента арқылы өтуі мүмкін. Егер құрсақтың зақымдануы және инфекциялық аурулар ж а ғ д а й ы н д а п л а ц е н т а қабынса немесе зақымданса оның қорғаныш қасиеттері төмендейді. Осы жағдайда АИТВ-инфекциясы анадан балаға берілуі мүмкін. Босану кезінде жұқтыру екі жолмен берілуі мүмкін: Босану каналдарынан өту барысында (жатыр мойыны, қынап) нәрестенің терісі АИТВ бар ананың қанымен және қынап бөліндімен жанасады. Нәрестенің терісінде жарақаттар және сыдырылған жер болса, солар арқылы ағзасына вирус өтуі мүмкін болады.Нәресте босану жолдары арқылы өту кезінде анасының қанын және қынап бөлінділерін жұтуы мүмкін. Бұл жағдайда вирус баланың ағзасына ауыздың шырышты қабаты, өңеш және асқазан арқылы түсуі ықтимал.
Емшекпен емізу кезінде: • Құрамында АИТВ болғандықтан тікелей сүт арқылы.
-
Қан арқылы – егер ананың емшек ұшының терісі жарақаттанған болса, онда сүтпен бірге қан кетуі мүмкін, ал бұл – нәресте үшін қосымша қауіп. АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу үшін жүргізілетін іс-шаралар:
-
Жүктілікті жоспарлау;
-
АИТВ-ның перенатальды жұғуының дәрі-дәрмектік алдын алуы 3 кезеңнен тұрады:
-
АРВ (антиретровирустық) препараттарын жүктілік кезінде қолдану: 14 аптадан ерте басталмайды, себебі ұрық осы уақытқа дейін сырқы әсерлерге өте осал келеді. Егер АИТВ-инфекциясы анағұрлым кеш мерзімде анықталған жағдайда, (диагноз анықталған сәттен бастап) препараттарды қабылдау барынша ерте басталады.
-
Босану кезінде АРВ препарттарын колдану;
-
АРВ (антиретровирустық) препараттарын болашақ балаға қолдану: бала туылғаннан 6-12 сағат ішінде басталып, 42 күн беріледі. Егер жүктілік және босану кезінде АРВ терапия жүргізілмесе және нәресте жаңа туылғаннан кейін бірінші тәулікте алдын алу жүргізілмесе, онда кеш бастаудың мәні жоқ. Алдын алу шаралары ойдағыдай нәтиже беру үшін, бала дені сау болып туылуы үшін, дәрі-дәрмекті уақытында қабылдау өте маңызды. Егер бұл тәртіпті бұзатын болса, (дозаны жиі өткізсе, берілген мөлшерден аз қабылдаса немесе препаратты қабылдаудың арақашықтығын сақтамаса) балаға вирустың берілу қаупі артады.
-
Нәрестені ана сүтімен тамақтандырудан бас тарту: тұрғылықты жердегі емхана бала 1 жасқа толғанға дейін оны балаларға арналған тегін сүт қоспасымен қамтамасыз етеді.
Ұлбосын ЖҮСІП, Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі