ЖАСТАР АРАСЫНДА «АБАЙЛАҢЫЗ СПИД-ТЕН» АТТЫ КЕЗДЕСУ ТУРАЛЫ
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Сарсенбаева Светлана Аумажитқызы ағымдағы жылдың наурыз айының 13-де Қызылорда инженерлік техникалық колледж студенттері мен мұғалімдердің арасында «Абайлаңыз СПИД-тен» атты кездесу ұйымдастырылды.
АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудың алдын - алу, оның жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы, атап айтқанда бұл аталған ғасыр індеті АИТВ/ЖИТС –бұл адамдардың жасына, жынысына, ұлтына, бай-кедейлігіне қарамайтын қатерлі де жұқпалы дерт екендігі және қазір жер шарындағы барлық мемлекетте осы қатерлі ауру тіркеліп отырғандығы жөнінде баяндалды.
Республикадағы, Қызылорда облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы жөнінде слайдтар және бейнефильм көрсетіліп, жастар арасында осы мәселе жөнінде білімдерін жоғарлату мақсатында сауалнама жасалды. Іс-шараға қатысушылар маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Оларға ақпараттық білім беру материалдары - жастарға арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды.
Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және
оған қарсы күрес жөніндегі орталығының
дәрігер-эпидемиологы С. Сарсенбаева