02.04.2019
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық қан орталығындағы медицина қызметкерлері арасында "АИТВ/ЖИТС-ты кәсіптік жұқтырудың алдын алу" тақырыбында семинар өткізді.
Аитв инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық қан орталығындағы медицина қызметкерлері арасында "АИТВ/ЖИТС-ты кәсіптік жұқтырудың алдын алу" тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының республикадағы, облыс, аудандағы эпидемиологиялық ахуалы айтылып, инфекцияның алдын алу, сақтану шаралары, кәсіптік жұқтырудың, донор қаны арқылы жұқтырудың алдын алу түсіндірілді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылып, бейнероликтер көрсетілді.
Қайыр О., - дәрігер эпидемиолог