Бiрнеше айлар бойы, тiптi жылдар бойы АИТВ инфекциясының бiрде бiр сыртқы белгiлерi болмауы мүмкiн. АИТВ-ны жұқтырғандар көбiне өзiнiң жай-күйi туралы ештеңе бiлмейдi. АИТВ - мен өмiр сүретiн адамдар толық өмiр сүріп, оқып, жұмыс iстеп, жар сүйе алады. АИТВ –ның тұрмыстық жолмен берiлмейтiндiгiн есiңiзде сақтаңыз.
Кез келген адам АИТВ жұқпасын жұқтыруы мүмкiн, бiрақ АИТВ/ЖИТС-тың таралуын алдын алуға болады.
Егер сiздiң досыңыз ЖИТС-пен ауырса достық қатынасыңызды сақтай берiңiз, одан сiзге жұқтыру қаупi төнiп тұрған жоқ. Егер мектепте, дискотекада, спортпен айналысқан уақытта сiздiң қасыңызда осы науқаспен ауыратын адам болса, сiзге АИТВ жұқпайды және ЖИТС пен ауыратын адамның қолынан ұстауға немесе оны құшақтауға болады. ЖИТС-пен ауыратын адамға көмек көрсетудiң бiрнеше тәсiлi бар, соның бiрi оған шынайы дос болу.
АИТВ-ны жұқтырған адаммен қорықпай бiр үй-жайда тұруға, бiрге жұмыс iстеуге, тамақтануға, ортақ қол жуғыш пен дәретхананы пайдалануға болады.
АИТВ-ны жұқтырған адамдарды оқшаулауға ешқандай негiз жоқ. Керiсiнше, бұл адамдар жұртшылық арасында өмiр сүруге және жан-жақтан психологиялық қолдау табуға тиiс. Олар адамгершiлiк принциптерi талап ететiндей ерекше қамқорлыққа бөленуге құқылы.
АИТВ берiлмейдi:
- Қол алысқанда және құшақтасқанда
- Ыдыс-аяқ, тағам, дәретхана жабдықтары арқылы:
- Төсек жапқыштары және iшкиiм арқылы:
- Тиын немесе қағаз ақша арқылы
- Су және ауа арқылы:
- Ойыншықтар, мектеп жабдықтары, спорттық құралдар арқылы:
- Есiк тұтқалары мен транспорттағы ұстағыштар арқылы:
- Жәндiктер шаққанда:
- Достық сүйiсу кезiнде:
Моншада, саунада, бассейiндерде.
АИТВ-ны жұқтыру мен ЖИТС-тың дамуы арасында бiрнеше жылдар өтуi мүмкiн. ЖИТС-ты жеңдiк деп айтуға әлi де болса ерте болғанымен, медицина бұл жолда көптеген жетiстiктерге жеттi. Дәрiгерлер АИТВ-ны организмде дамуын тоқтатуды және соған байланысты АИТВ-ны жұқтырғандардың және ЖИТС-пен ауыратындардың өмiрiн ұзартуды бiледi. Жақын арада медицинаның осы бағыттағы табыстары одан да арта түседi деген үмiт бар.
ЖИТС-тың алдын алу және
оған қарсы күрес
жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі филиалының
мейірбикесі Муфтилдаева Арайлым