Қызылорда облыстық полиция департаментінің мамандырылған күзет қызмет басқармасының жеке құрамы арасында дөңгелек стол форматында семинар-тренинг.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің мамандырылған күзет қызмет басқармасының 2 тобында: аудандық және қалалық жеке құрамы арасында семинар-тренинг өткізілді. Кездесуде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күні аясында: ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамды АИТВ және ЖИТС-ті жұқтырған адамдардың проблемаларына назарын аударту. АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша АИТВ жұқтыруға қарсы мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, дискриминация және стигма мәселесін болдырмау болып табылды. 2022 жылғы кампания «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ індет санынан көппіз!» ұранымен өткізілді.
Семинар сұрақ-жауап түрінде АИТВ/ЖИТС-тың республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары, АИТВ/ЖИТС-тың қоғамға, отбасына тигізетін әсері туралы баяндалып, қызықты пікір таласпен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толық жауаптар берілді. Ақпараттық танылымдылық материалдар таратылды. Презентация, видеороликтер көрсетілді.
АИТВ-ға өздігінен тестілеуге арналған жинақтың(сюновой тест) қалай пайдалану керек екендігі жөнінде көрсетіліп, түсіндірілді.
Садвакасова А.Я. – дәрігер-эпидемиолог