Облыстық ЖИТС орталығында жаңадан енгізілген «АИТВ жұқпасының жағдайларына электронды бақылау ақпараттық жүйесі» бойынша оқыту сабағы ұйымдастырылды.
2022 жылдың 23-ші мамырында облыстық ЖИТС орталығының және Шиелі, Қазалы аудандық филиалдардың дәрігер-эпидемиологтары, эпидемиолог көмекшілері арасында 2022 жылдың 12-13-ші мамыр аралығында Алматы қаласында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «АИТВ жұқпасының жағдайларына электронды бақылау ақпараттық жүйесін жүргізу (ЭБ АЖ). Электронды бақылау ақпараттық жүйесінен талдау жүргізу үшін деректерді алу. Республикалық және облыстық деңгейде деректердің сапасына қадағалау жүргізу» тақырыбында республикалық семинардың материалдырымен таныстыру мақсатында оқыту сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында республика бойынша жаңадан енгізілген «АИТВ жұқпасының жағдайларына электронды бақылау ақпараттық жүйесінің» ерекшеліктері, эпидемиологиялық тараудың толтыру тәртібі, эпидемиологиялық тараптан қажетті мәліметтерді, талдауларды шығару және пайдалану тәртібі бойынша толық мағұлмат берілді.
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі
Балықбаева С