Шиелі аудандық №13 өрт сөндіру бөлімінің басшысымен ұйымдастырылған жеке құрамның қатысуымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына шолу жасап, АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдарымен сақтану шаралары туралы баяндама жасап, ақпараттық парақшалар таратылды.
Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар АИТВ/ЖИТС жайлы толық ақпараттандырылып, сұрақ-жауап алмасып қорытындыланды.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталығының
Шиелі ауданындаға филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев