29 Қараша 2021
878

Қоғамдағы қатерлі дерт

Қоғамдағы қатерлі дерт

Бүгінгі таңда жасыратыны жоқ,нашақорлық,АИТВ, ішімдікке салыну сияқты жат әдеттердің салдарынан бізді қоршаған ортамызда жаман әдетті аурулар қаптап кетті. Соның ішінде жастар арасында нашақолық әдеті өте көп тарап кетті . Бұған біз кімді кінәлаймыз?Бұл сұраққа жауап іздеуде қиын.

Нашақорлыққа көбінесе,жасөспірімдер шалдығады,алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды.Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге,соның арқасында өзінің “қамын ” ойлауды мақсат етеді.Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол.Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады,елікткгіш жастар дәм тата бастайды.Бара-бара жасөспірімдер нашақорға,есірткінің құлына айналады.Бұрын жасөспірімдер анаша,марихуанна шегіп,әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір геройн,какоин,синтетикалық есірткілерді қолданады .       

Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі.Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету,т.б жасауға итермелейді.Адам денесі қалжырап,көзі бұлдырап,өмірге не үшін келгені ,не үшін жүргені беймәлім болады.

Адам баласы бойында өзін –өзі сақтандыратын қасиеттер болады.Соны дұры пайдаланған жөн.Әйтпесе нашаға елігіп бір сәттік рақат сезімге алданып,соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін.Нашақорлықтың соңы ЖИТС ауруына әкеп соғады.Ал есіткі салдарынан қылмыстар көбейіп ,АИТВ инфекциясына шалдыққандар саны өсуде.Мұны дер кезінде қолға алмасақ ,істің қиынға соғары анық.Сондықтан,өмірдің мәндіде мағаналы болуы үшін ,салаутты өмір салтын ұстанған абзал.                                                                     

Жаңақорған ПӘК кабинеті меңгерушісі Тотаева Р