АИТВ туралы білгеніңіз жөн.
АИТВ-инфекциясы білінбей өтетін ауыр ауру болып табылады.Вирус адам ағзасына ауыз қуысы сілекеілері,тері арқылы және инфекция жұқтырған адамдармен жеке гигиена заттарын бірге пайдаланған кезде тісысқыштар,ұстара,электро ұсталар және кесетін құралдар арқылы жұғады. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары: Қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы АИТВ жұқтырған нашақормен бірге тамыр арқылы есірткі тұтыну кезінде; АИТВ жұқтырған жүкті әйелдің ішіндегі ұрыққа немесе жүктілік кезінде сәбиге жұғуы мүмкін;
Татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату кезінде стерильденбеген құралдар пайдалану арқылы;
Залалданған қауіпті қан және оның компоненттерін құю кезінде;
Көз шырыштарына биосұйықтықтарды шашу кезінде АИТВ инфекциясының алдын-алу және қорғану тәсілдері;
Тамыр арқылы есірткі қолданудан бас тартыңыз;
Жыныстық қатынасқа түсер кезде жеке қорғаныс үшін мүшеқап пайдаланыңыз;
Инъекцияларды, татуировкаларды, пирсинг жасату сияқты шараларды арнайы мекемелерде жүргізіңіз;
Күдік туған жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгініңіз.
Ең бастысы АИТВ статусы бойынша арнайы тексерулерден өтіп тұрған жөн. Аудан көлеміндегі аудандық ауруханаға қарасты барлық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері АИТВ вирусына қарсы тексеруден өткізілуде, аудан тұрғындарына ақпараттық-танымдық түсіндіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып аудан мектептерінде “АИТВ – қауіпті дерт!”, “АИТВ-дан сақтаныңыз!” тақырыптарында оқушылар арасында таным сағаттары ұйымдастырылуда. АИТВ-ға қарсы айлық акция шаралары жүргізілуде.
Жаңақорған ПӘК кабинеті еңгерушісі Тотаева Р