16 Қараша 2021
565

«Теңсіздікті жою, ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау».

АИТВ инфекциясының тіркелгеніне 40 жылдан астам уақыт өтседе, әлі күнге дейін бұл инфекцияға қарсы вакцина табылмаған.

Жалпы инфекция 3 түрлі жолмен Қан арқылы (иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында бір шприц немесе есірткі ерітіндісіне ортақ ыдыс пайдалану,  медициналық мекемеде АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның қанымен ластану, жарақат алу, қан және оның компонеттерін құю кезінде)  қорғалмаған кездейсоқ жыныстық қатынас, АИТВ инфекциясын жұқтырған анадан жатырдағы ұрыққа, әрі қарай балаға жүктілік және емізу арқылы  беріледі.

Қазақстан Республикасында өсу үрдісімен алғанда АИТВ жұқтырғандар саны-42849-ға жетті,  100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 150,7, ал Қызылорда облысында 207,  100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш-19,7.

2021 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы бойынша тіркелгендер саны – 2890 жағдай (100 мың тұрғынға көрсеткіш –15,3). Қызылорда облысы бойынша тіркелгендер саны-26 (100 мың тұрғынға көрсеткіш –3,2). Облыста 10 айда АИТВ инфекциясымен тіркелгендердің 96,1 % жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар, олардың 34,6% 20-29 жас аралығындағылар, 23% 30-39 жас тобындағылар болса, 60-тан жоғары жастағылар 15,3%, 15-19 жас тобындағылар 7,6 % болып отыр .

АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы жылдан жылға күрделене түсуде. Жыл сайын 3-ші тоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өткізіледі. 2021 жылы ЮНЭЙДС ұсынған Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы «Теңсіздікті жою, ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау».  Дүниежүзілік науқан аясында,  Республика көлемінде, сонымен қатар облыста  15 қарашадан 25 қарашаға дейін «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбымен онкүндік өткізілуде. Онкүндік аясында АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына байланысты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары әр түрлі форматта жалпы білім беретін мектептер, орта арнайы  және жоғары білім беру ұйымдарында  іс-шаралар өткізуде. Негізгі мақсаты -тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы ақпарат беру және зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. АИТВ инфекциясына байланысты стигма, дискриминация жағдайларына жол бермеу. Науқан аясында  бастапқы медикосанитарлық көмек беру мекемелерінде жалпы тәжірибелік дәрігерлер, мейірбикелер арасында тұрғындарды АИТВ-ға тестілеу мәселесі бойынша семинарлар  өткізілуде. Орталық мамандары, еріктілер, жастар денсаулығы орталығы, оқу орындарының студенттері т.б. қатысуымен челлендж ұйымдастырылуда. Әлеуметтік желілер арқылы да ақпараттық материалдар берілуде.

 

ЖИТС орталығы ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігері

Ж.Қыстаубаева