Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні.
Қызылорда облысында 2021 жылдың 15 мен 25-ші қараша аралығында «Әрбірін түсіну» тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онкүндік өткізіледі.
Онкүндік аясында «АИТВ-инфекциясының, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары» тақырыбында мектептерде жоғарғы, арнайы орта оқу орындарында, бизнес құрылымдарында, ұжымдар мен мекемелерде семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, жергілікті теледидардан «АИТВ-инфециясының алдын алу» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, облыстық радиодан аудиороликтер жүргізіледі.
Облыс бойынша «АИТВ: Әрбірін түсіну» хештегімен челлендж ұйымдастырылады және бұл челленджге әрбір тұрғынды қатысуға шақырамыз.
Жастар мен жасөпірімдерге ,тұрғындарға ақпараттық білім беру материалдары таратылады, сенім пункттерінде халықтың осал топ өкілдеріне жеке қорғаныш құралдары таратылады.
Онкүндік аясында қала тұрғыны және қонақтары ақысыз , анонимді немесе ашық түрде «АИТВ-инфекциясына тексеріліп, өз статусын білуіне және психоәлеуметтік кеңес алуына болады.
АИТВ жұқтырған пациенттерге медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Елімізде антиретровирустық емдеу мемлекеттік қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні ЖИТС орталығы мамандарының алдына қойылған міндеттері: АИТВ-жұқтырған адамдардың 90%-ы өзінің АИТВ мәртебесі туралы білуі , олардың 90%-ы антиретровирустық емді алуы , антиретровирустық емді алатын адамдардың 90% -да оң әсер болуы тиіс.
Жыл сайын облыста АИТВ-инфекциясына 100 мыңнан астам адам тестіленеді, яғни, әрбір 6-шы адам өзінің АИТВ-мәртебесі туралы біледі.
Эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, 2021 жылдың 9 айында облыс бойынша 25 АИТВ-жұқтырғандар анықталған, 96 пайызы жыныстық жолмен жұқтырып отыр. АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардың 56 пайзы 20-39 жас аралығында анықталып отыр, 40 пайызы жұмыс жасайтындар. 56 пайызы қала тұрғындары, 44 пайызы аудандар үлесінде болып отыр.
Балықбаева С
Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі