Қызылорда облысында АИТВ –инфекциясы бойынша індеттік ахуал
АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) инфекциясы бойынша 2021 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша алаңдатарлық эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр. 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ( 8 ауру тіркелген) 2021 жылдың 8 айында облыс бойынша 21 ауру тіркеліп, 2,6 есеге, немесе 13 ауруға артып отыр.
Жұғу жолдарына бойынша 18 адам , 86 пайызы ауруды гетеросексуалды ,бей- берекет, қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсу барасында жұқтырса, 2 адам гомосексуалды жыныстық жолмен жұқтырған.
Жас ерекшеліктері бойынша 7 ауру- 37 пайызы 20-29 жас аралығындағылар , 4 ауру немесе 19 пайызы 30-39 жас аралығындағылар , 3 ауру немесе 14,2 пайызын 60 жастан жоғарғылар құраса, 2 аурудан немесе 9,5 пайыздан 15-19 жас , 40-49 жас, 50-59 жас аралығындағылар құрап отыр.
21 аурудың 76 пайызын ер азаматтар (16 ауру), 24 пайызын әйелдер (5 ауру) құрап отыр.
Мекен- жайлар бойынша 66,6 пайызы(14 ауру) қала тұрғындары, 33,4 пайызын (7 ауру) аудан тұрғындары .
Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу қорытындылары бойынша біздің облысымызда АИТВ-инфекциясы жастар мен жасөпірімдер арасында 20-29 жастар аралығында көптеп тіркелуде және гетеросексуалды, гомосексуалды жыныстық жолмен таралуы эпидемиолог мамандарды алаңдатуда, соңғы 3 жылда облыс бойынша гомосексуалды жыныстық жолмен таралу басымды бағыт алуда.
Облыс бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру мақсатында жастардың және жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесіне ата- аналар мен оқу орындарында басты назар аудару қажет деп ойлаймыз. Жастар мен жасөспірімдерге бей–берекет, қорғалмаған жыныстық қатынастарға бармауға, міндетті түрде бір жыныстық серіктеспен болуға, үйленгенге дейін, отбасылы болғанға дейін жыныстық қатынасқа түспеу қажеттігін ескертеміз. Бұл- АИТВ инфекциясының және басқа да жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алудың бірден бір басты бағыты. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолмен жүруге шақырамыз.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Балықбаева Салтанат Шамиевна