Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөіндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының жоспарына сәйкес Шиелі кенті «Шиелі аудандық спорт клубы» КММ-де спортпен айналысатын белсенді жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кездесу болып өтті. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу мен сақтану шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, АИТВ/ЖИТС-тің облыс және аудан бойынша індеттік ахуалы жөнінде ақпарат берілді.