29 Шiлде 2021
525

АИТВ-ның алдын алу

Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты «Сыр Ұланы» тынығу лагерінде, тынығушылар мен тәлімгерлер арасында «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізіліп, тынығушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі филиалының маманы Т.Досаев ақпараттық жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді.алдын алу, сақтану шаралары түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі Т.Досаев.