18 Маусым 2021
1309

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға,  мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.