14 Маусым 2021
2871

АИТВ және Нашақорлықтың алдын алу

Нашақорлықтың өсуі әлемдегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Есірткі грекше наркоз,ұйқымен ұмыттыру,жансыздандыру деген мағына береді.Қазақстанда есірткіні пайдалану күннен-күнге өсіп келуде. Нашақорлықтың арасында АИТВ таралуы қауіпті, тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар, оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге жиі барады. Мұндай жағдай, қоғамда қатты алаңдатушылық туғызады.

 

Біздің мақсатымыз: жасөспірімдерді психоактивті заттарды қабылдаудан өз бетімен бас тартуын қалыптастыру. Есірткі организмге әр-түрлі тәсілдермен енгізіледі, көктамырмен енгізілетін есірткілер ерекше қауіптілік туғызады. Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну елде, негізгі фактор болып табылады. Егер адам басқаның шприцін, инесін, басқа құралдарын есірткіні дайындау мен егу үшін пайдаланса немесе өз шприцін берсе қауіптілігі жоғарғы болады. Бұл жағдайда есірткі қабылдағандар АИТВ, гепатит В,С және тағы басқа жұқпаларды жұқтыру қауіпіне ұшырайды. Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жастар мен жасөспірімдер нашақорлықтың белең алмауы үшін есірткінің алдын-алу жұмыстарын кең көлемде жас ұрпақтың жүрегінен жол табатындай етіп кеңес жүргізіліп жүр. Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шиелі ауданындағы филиалының мамандарының мақсаты қоғамның назарын нашақорлықтың адам өміріне өте зиянды мәселелердің бірі екеніне келешек ұрпақтың назарын аудару, АИТВ инфекциясын есірткі нашақорлықтың таралуына жол бермеу, жастарды спортқа баулуға тарту., нашқорлық бір сөзбен айтып жеткізілмейтін өзін-өзі өлімге итермелейтін қорқынышты да, қатерлі жайт. Бұл әрбір адамды қауіпті дертке душар ететін қасірет. Өсіп келе жатқан ұрпаққа, балаларымызға есірткіні достар ортасында, кез-келген жерде ұсынуы мүмкін. Ал есірткі салдарынан қылмыстар көбейіп, АИТВ-инфекцясына шалдыққандар саны өсуде.Жоғарыда айтылған мәселелердің шешуін табуға ЖИТС орталығы мамандарымен жастар арасында, өсіп келе жатқан жастардың, жас ұрпақтың салуатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың арасында азаматтық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, жас азаматтар арасындағы ауру, нашақорлық, қылмыс деңгейін төмендету, ауданымыздың қоғамдық өмірінде қызмет белсенділігін арттыру мақсатында пікір-таластар жүргізіліп, парақшалар таратылды.

 

Нашақорлықтын өсуі-бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік ең ауыр мәселердің бірі болып табылады.Қазақстанда есірткіні медициналық емес жолмен пайдалану күннен-күнге қауіпті бола түсуде.Нашақорлық арасында АИТВ таралуы қауіпті тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді есірткімен зақымдалу қауіпіне ұшыратады.Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп,тәуекелге жиі барады.Мұның барлығы қатты аландатушылық туғызады.
Жастар спорт алаңында әркім өзінің таңдаған спорттық түрлерімен шұғылданатыны байқалады.Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ.Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

 

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы

күрес жөніндегі облыстық орталықтың

Шиелі ауданындағы филиалының эпидемиолог көмекшісі: Т.Ж.Досаев