18 Мамыр 2021
898

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты «Одан артықпын» тақырыбында іс шара өткізілуде.

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты «Одан артықпын» тақырыбында іс шара өткізілуде.

 

2021 жылдың мамыр айының 18-і күні Медицина қызметкерлері арасында, Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне байланысты «Одан артықпын» тақырыбында семинар өткізілді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында, мед қызметкерлер арасында семинар ұйымдастырылып өткізілді.  Іс-шара барысында  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру барысында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру,  АИТВ-инфекциясының алдын-алу. Жұқтырылған ауруды емдеуге қарағанда,  АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақтану анағұрлым пайдалы және тиімді екенін айтты. Сонымен қатар Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуал туралы мәлімдеді. Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берілді.

ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық  орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас