АИТВ инфекциясы адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ жұқтырған адамдарды АИТВ-мен өмір сүрушілер деп атайды. АИТВ инфекциясы иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды. АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда ЖИТС-ке әкеліп соқтырады.
ЖИТС (СПИД )- жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезеңде науқаста оппортунистік аурулардың бой көтеруіне ағза қолайлы болып табылады. Яғни туберкулез,онкологиялық аурулар ,пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды.
АИТВ инфекциясының қоздырғышының жұқтыру қаупі жоғары адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарына қан, әйелдің қынап сұйықтығы,ерлердің шәуеті, ананың сүті жатады. Сондықтанда АИТВ негізгі үш жұғу жолдары анықталған.
Адамдардың АИТВ-ға шалдығудың негізгі 3 жолы бар :
-Қан және оның компонеттері арқылы
-Қорғалмаған жыныстық жол арқылы
-Анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.
Қан арқылы АИТВ-ға тексерілмеген адамның қанын құйған жағдайда немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда жұғады. Егер адам бір емес бірнеше адаммен жыныстық қатынасына түскен кезде жұқтыруы мүмкін. Сондықтан адамның бір ғана жыныстық серіктесі болу керек. Егер әйел жүктілік кезінде АИТВ жұқтырса, онда босану кезінде балаға АИТВ жұғады. АИТВ-ға шалдыққан адамды түр келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ инфекциясы жас талғамайды,ұлт,нәсіл, жыныс талғамайды, кезкелген адам шалдығуы мүмкін инфекция. АИТВ инфекциясы тұмау тәрізді ауа тамшылы жолмен жұқпайды,тек қана жоғарыдағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. АИТВ инфекциясы төмендегі жағдайларда жұқпайды: сүйіскенде,қол алысқанда, тамақтанғанда,төсек жабындылары арқылы, суға түскенде жұқпайды.
АИТВ-ны қалай анықтауға болады?
Адамның түр түсіне,келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ-ны анықтаудың негізгі әдісі ИФА әдісі арқылы қандағы қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы дене дегеніміз ол организмдегі қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар. Егер тестілеу қортындысы оң нәтиже берсе, онда адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді,яғни АИТВ жұқтырған болып есептеледі. Адамдардың АИТВ тексерту не үшін қажет?
- Түрлі жұқпалардың алдын алып дер кезінде емдеу үшін.
-АИТВ жұқтырған жағдайда аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды дер кезінде қолдану үшін.
-өзіне жақын адамдарына,туыстарына , дос-жарандарына жұқтырмау үшін
-АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік,босану,емізу кезінде алдын алу үшін .
Соңғы кездері жыныстық жолмен жұғу жолдары кең етек алып жүктілік кезінде АИТВ жұқтырғандардың көбейуіне байланысты ,биылғы жылдан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері де ( күйеулері ) АИТВ-ға тексерілу бұйрықпен бекітілді. Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы.Ол үшін емдеу алдын алу мекемелеріне АИТВ ға тексерілу тегін жүргізіледі. Кез келген инфекцияның алдын алу әр адамның өз қолында! Бір мезеттік қызық көрем деп өмір бойына бармағымызды тістеп қалмайық!
Жалағаш аудандық психо-әлеуметтік кабинет дәрігері : Бекниязова Айман Қуанқызы