ЖИТС ауруына шалдыққандарға паллиативтік көмек
*Бұл емге көнбейтін аурулар мен ауыратын науқастарға жан-жақты және өз уақытында күтім көрсету, ауруға байланысты проблемаларды шешу, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету.
*Мақсаты: Бір нақты жағдайларда пациенттің және оның туыстарының жағдайларын жақсарту.
*Басты міндеті: Пациентті уайым қайғыдан сейілту, жан дүниесіне психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету.
*Паллиативтік көмек аспектілері:
1)Медициналық: Науқасқа үй жағдайында оның отбасы мүшелері немесе денсаулық сақтау қызметкерлері арқылы көмек көрсету (дәрі-дәрмектерін қолдану және т.б).
2)Психологиялық: -көмек көрсету (депрессия кезінде, науқастың көңіл –күйі жоқ кезінде).
3)Әлеуметтік-экономикалық –тұрғын үй мәселесі, қаржылай көмек, жетім балалары жөнінде туындаған проблемалар төңірегінде көмек көрсету.
4)Құқықтық- жетім балаларға қажетті жағдайды жасау.
*Жалпы принциптері:
- Паллиативтік көмек АИТВ жұқтырғандарға көрсетілетін негізгі медициналық кешенді көмек.
- Паллиативтік көмек науқасқа берілетін симптоматикалық ем және науқасқа ең соңғы сатысында көрсетілетін көмек.
- Паллиативтік көмек науқастың үйінде, ауруханада, хосписте көрсетіледі.
*Паллиативтік көмек қандай жағдайларда беріледі:
- Егер пациент АИТВ - инфекциясының арнайы еміне қарсылық білдірсе және паллиативтік көмек алғысы келсе;
- АИТВ - инфекциясымен емдеу мүмкіндігі жоқ кезде;
- Берген емнен нәтиже жоқ болса;
- Берілген емге қарамастан науқастың жағдайы жақсармаған болса;
- Аймақтық ЖИТС орталықтары паллиативтік көмекті үйлестіреді;
- ҮЕҰ, діни және ұлттық орталықтарға паллиативтік көмекке байланысты (әлемдегі стандартқа сай) ұсыныстар жасауға болады;
- Паллиативтік көмек барлық пациенттің қажеттілігіне сай көрсетілуі тиіс;
- Әлеуметтік және политикалық себептерге байланысты ПК көрсетуден бас тартуға болмайды;
- Паллиативтік көмек әр пациенттің қажеттілігіне байланысты көрсетілуі қажет;
- Ауруды емдеу АИТВ - инфекциясының сатысына қатысты болмауы қажет;
Емдеу жағдайында жалпы принциптері Мүмкіншілігінше б/е инъекция жасамау, ауыз немесе тік ішек арқылы беру.
Пациент анальгетиктерді белгілі бір уақыт аралықтарында алуы қажет;
Препараттарды қабылдау режимі ұйқы режиміне байланысты болуы тиіс. Пациент келесі препарат дозасын алдыңғы препарат дозасының әсері аяқталғанға дейін қабылдауы тиіс;
Емді аз дозадан бастап, оны ауырғаны қойғанға дейін дозасын біртіндеп көтеру қажет;
Анальгетиктерді жоспарлы түрде беріп әр 4 сағат сайын, сол екі аралықта ауыратын болса қосымша доза беру қажет (препараттың 50-100% бір реттік дозада);
Сәл ауырса аспирин жақсы көмектеседі, бірақ қан кету жағдайын байқау қажет. Бауыр қызметі бұзылған жағдайда парацетамол, аспиринді байқап пайдалану керек;
Аспиринді әр 4 сағат сайын беріп, оны әр 4 сағат сайын парацетамолмен кезектестіріп беруге болады, бірақ 2 препа-раттың арасында 2 сағат үзіліс болу керек. АИТВ -жұқтырғандарға күтім кезінде берілетін кеңестер Жұқтырудың алдын алу шаралары.
Барлық манипуляциялар кезінде, қан мен басқа биологиялық сұйықтықтармен (ВИЧ қоздырғышы бар) жұмыс істегенде қолғап кию.
Науқастың да, күтушінің де қолында жара болса таңылу қажет.
Күнделікті тұрмыс жағдайындағы байланыс қауіпсіз, қолғап киюдің қажеттілігі жоқ.
Зәр, дәрет, қанмен ластанған жерлерді үй жағдайындағы тазалау құралдарымен немесе залалсыздандыру ерітін-ділерімен тазалау.
Ыдыстарды, төсеніштерді кәдімгі жуғыш заттармен жуу.
Қанмен және басқа сұйықтықтармен ластанған киімдерді басқа киімдерден бөлек жуу.
Тіс щеткасы, бритва, ине және басқа кесуші құралдары міндетті түрде бөлек болуы керек.
Науқастың киімін, төсенішін ауыстырғанда, биологиялық сұйықтықпен байланысты болғанда қолды сабындап жуу.
Медицина қызметкерлері АИТВ-жұқтырған науқастың семья мүшелері мен әлеуметтік жұмысшыларды әр түрлі симптомдар кезінде не істеу керектігіне, дәрілерді беруге және қосымша дәрі беруге оқытады, ал бұл – медицина қызметкерлерінің басты міндеті.
ЖИТС ОО Шиелі ауданындағы филиал инфекционист-дәрігері: А.Молдабекова