27 Қантар 2021
864

АИТВ/ЖИТС ауруынан сақтанайық

АИТВ/ЖИТС  ауруынан сақтанайық

 

Адам иммунитет тапшылығының  вирусы  (АИТВ) туралы мағлұмат алмай, одан қорғану жолдарын білмей өмір сүруге болмайды. Халық АИТВ/ЖИТС  туралы білу тиіс. Кез-келген адам бұл инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін, ол адамның жасына, жынысына, экономикалық жағдайына байланысты емес.

Жұқтырылған иммунитет  тапшылығының синдромының вирусы (ЖИТС) адамнан адамға қан арқылы  жұғып, ағзаға еңген соң жалпы сыртқы органның түрлі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарынан қорғайтын иммундық жүйені зақымдап, инфекциялық ауруларға жол ашады. 

Бұл процесс әр адамның жеке гигиенасы, жат қылықтарына, әлеуметтік жағдайына, физикалық көрсеткіштеріне және басқа ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай жағдайда адамның қорғаныш жүйесі сыртқы  ортадағы қалыпты жағдайда  өмір сүріп жатқан қоздырғыштардың ағзаға еніп, паразиттің өмір сүруіне қарсы тұра алмай ауруға  шалдығады. Мұндай кезде адам ағзасында бірден  бірнеше инфекциялық  аурулар дамиды, зақымдалған адамды тірі алып қалу мүмкіндігі өте  төмен болады.

Жұғу қаупі мына жағдайларда жоғары болады: АИТВ жұқтырған адамның қанын немесе қаннан жасалған препараттарды  басқа адамға  тексермей  кұйған  жағдайда;  инъекция арқылы есірткі еккен кезде; АИТВ инфекциясын жұқтырған адаммен қорғансыз жыныстық қатынас жасаған жағдайда; АИТВ инфекциясын жұқтырған анадан жүктілік, босану, емшекпен емізу кезінде баласына жұқтырады.

ЖИТС орталығы мамандарының алға қойған мақсаттары мен міндеттері орасан. Соның ішінде жалпы халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтануға, кездейсоқ  жыныстық  қатынастан сақ болуына,  залалсыздандырылмаған немесе кездейсоқ біреудің инесін, қайшысын, сақал алғышын және басқа құрал-жабдықтарын  пайдаланбауын, қан кұйғанда немесе донор қанын  қабылдағанда олардың АИТВ инфекциясына  тексерілгеніне көз жеткізу керектігін, екіқабат әйелдер АИТВ-ға  тексерілуін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге АИТВ жұқтырған адамдарға білікті медициналық көмек көрсетіп, әлеуметтік қолдау  жасап отырады.

Қатерлі дерттен жастар мен жасөспірімдерді сақтандырудың бірден бір жолы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, дұрыс тәрбилеу.

Ел болашағын ойлайтын әрбір азамат ең алдымен өз денсалуғын ойлау кажет.

 

 

 

Абдибаева Гулмира,

ЖИТС –тің алдын алу және 

оған   қарсы  күрес жөніндегі 

орталығының  мейірбикесі