Қызылорда облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру ЖШС-нің ұйымдастыруымен №23 мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында ЗУМ платформасы арқылы АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы Н.Смағұлова АИТВ/ЖИТС-тің республикада, облыстағы індеттік ахуал жайында мағлұмат беріп, инфекциядан сақтану әрбір жастың өз қолында, ол үшін тек салауатты өмір салтын ұстану жеткілікті екенін атап өтті.
Сонымен бірге №222 орта мектепте оқушылар арасында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар АИТВ/ЖИТС туралы өз білімдерін ортаға салды және салған суреттері арқылы өздерінің АИТВ/ЖИТС-ке деген көзқарасын, оның жұғу жолдарын, сақтану шараларын әңгімелеп берді. Іс-шара соңында мамандар бұл инфекция жөнінде толығырақ мағлұмат берді.
Н.Смагулова, педагог