Шиелі аудандық редакцияда кездесу ұйымдастырылды.
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының Шиелі филиалы мамандарының ұйымдастыруымен аудандық «Өскен-Өңір» газеті редакциясында «Жаhандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес аясында БАҚ өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары және індеттік ахуалы туралы ақпараттандырылды. Кездесу барысында сұрақ жауап алмасып, ақпараттық материалдар таратылды.
Б.Парманкулов, эпидемиолог көмекшісі