Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді. 1999 жылдан бастап 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні атап өтіледі. Бүл күні әлем АИТВ-мен өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдарға қолдау білдіру және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді.
2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмір мен өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Осыған байланысты 2020 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбы болды.
Осы кампанияның аясында Арал аудандық "Толқын" газетінің тілшілері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. АИТВ инфекциясының республикадағы, облыстағы эпидемиологиялық ахуалы айтылып, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Г.Жумагулова, Арал аудандық ПСК кабинетінің дәрігері