17 Қараша 2020
905

Жүкті әйелдердің АИТВ-ға тексеру маңыздылығы талқыланды

Шиелі кентінде аудандық емханада  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың 29.10.2020 жылғы «Жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеу бойынша мониторинг жүргізу туралы»  №80 бұйрығы негізінде аудан бойынша жүкті әйелдерді тіркеуге жауапты акушерлік-гинекологиялық қызмет мамандарының  арасында эпидемиологиялық талаптар мен ара қашықтықты сақтай отырып  АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда Шиелі филиалы және емхана басшылығының ұйымдастыруымен  мәжіліс өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның ашылу сөзін аудандық емхананың үйлестіруші госпиталды эпидемиологі Ж.Шохаева бастап, атқарылып жатқан іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі А.Сәдуақас   АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалына оның ішінде жүкті әйелдер арасында тіркелу жағдайлары туралы ақпарат берді, сонымен қатар жүкті әйелдерді уақтылы есепке алуда, АИТВ-ға тестілеу қортындыларын есептік үлгілерге енгізуде алшақтықтар орын алып жататынына тоқталып  мамандарды жауаптылыққа шақырды.  Іс-шара соңында  қатысушылар арасында сұрақ-жауап алмасып, қорытындылады.

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы

күрес жөніндегі облыстық орталықтың

Шиеліауданындағы филиалының меңгерушісі      А.Сәдуақас