16 Қараша 2020
1395

Өзіңді АИТВ жұқпасынан қорға!

Дүниежүзі АИТВ/ЖИТС індетін білгеніне және онымен күресіп жатырғанына 40 жылдам астам  уақыт өтіпті.Жыл өткен сайын  бұл індет кең етек алуда әсіресе жастар арасында АИТВ-ға шалдығушылар көбейіп келеді. Дүние жүзінде  1 минутта 1600 адам АИТВ жұқтырса,  7000 адам осы індеттен өлімге душар болуда. Статистикалық мәліметтерге  тоқталатын болсақ  осы жылдың 10 айында Республикада 2719 адам АИТВ жұқтырып отыр. Бұл дегеніміз медицина саласындағы өзекті мәселеленің бірі  болып отыр.

АИТВ-адамның қоғаныш тапшылығының вирусы, адам ағзасының  әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныш жүйесін зақымдайды. Ал ЖИТС  АИТВ мен байланысты туындайтын сырқат,яғни АИТВ  соңғы  сатысы. 

Қазіргі кезге дейін АИТВ  жұқпасынан  толық сауықтыратын дәрілік препарат немесе вакцина шығарылған жоқ.

АИТВ қоздырғышы вирус тек адамнан адамға жұғатын жұқпа. Яғни адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарында  әсіресе қанда,шәуетте,қынап сұйықтығында,емшек сүтінде жұқтыру қаупі жоғары деңгейде  бөлінеді. Сондықтанда  АИТВ жұқпасының негізгі 3 жұғу жолы дәлелденген.

Біріншіден қорғалмаған жыныстық қатынас презервативсіз  арқылы, екіншіден қан арқылы , үшіншіден  анадан балаға  жатыр арқылы берілуі,босануы кезінде немесе ана сүті арқылы беріледі. АИТВ вирусы АИТВ жұқтырған адамда  ,ЖИТС –пен ауыратын адам ағзасында өмір бойына қалады,және сау адамдарға жоғарыдағы жолдармен жұғады. АИТВ  жұқпасына шалдыққандар өзінің АИТВ статусын біле тұра екінші адамға жұқтырса жауапқа тартылатыны заңда көрсетілген. АИТВ инфекциясы тұрмыстық заттармен жұқпайды.АИТВ шалдыққанмен бірге тұрғанда,сөйлескенде,тамақтанғанда жұқпайды.

АИТВ шалдыққандарды  қоғам тарапынан қолдап,ем алуына,толық қанды өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек. Себебі олар шеттету,,кемсіту салдарынан  ем алуына, медициналық көмекке жүгінуге, өзінің сатусын жасыруға  мәжбүр болады.
Жыл сайын республика көлемінде  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы өткізіледі. Бұл кампанияның мақсаты жастардың,ерлер мен ерлер арасында жыныстық қатынас жасайтындардың, жыныстық қатынас қызметкерлері арасында, иньекциялық есірті тұтынушылардың арасында ,жүктілік кезінде анадан балаға берілуін болдырмау ,АИТВ жұқпасына шалдығушыларды төмендету.АИТВ-мен өмір сүрушілерге  және олардың жанұясына  әлеуметтік қолдау көрсету стратегиясын күшейту. АИТВ жұқтырғандарды кемсітуге,алалауға,таңба басу сияқты келеңсіз әрекеттерге жол бермеу.

Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Кез келген адам АИТВ қанды тестілеуден өткізу арқылы өзінің сатусын біле алады. Жалағаш аудандық емханасында психо-әлеуметтік кабинет жұмыс жасайды. Егер сіз өзіңізді АИТВ тексерткіңіз келсе  құпиялылық сақтала отырып, жасырын тексерте аласыз.Әр адамның денсаулығы  әркімнің өз қолында,соныдқтан жас ұрпаққа айтарым жат әдеттерден  бойымызды алшақ ұстап, дені сау ұрпақ болып қалыптасуға  ат салысайық!

 

Жалағаш ПӘК дәрігері  Бекниязова Айман