26 Қазан 2020
1273

АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары жалғасуда

2020 жылдың қазан айының 21-і күні Шиелі аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшысымен ұйымдастырылған АИТВ/ЖИТС-тің  алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жеке құрамның қатысуымен  санитарлық талаптарды, ара қашықтықты сақтай отырып іс-шара  өткізілді. Іс-шараның  ашылу сөзін аудандық №13 өрт сөндіру бөлімі бастығы С.Шаймерденов  бастап, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы баяндама жасады.  Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында республика деңгейінде бекітілген арнайы бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес ауданымызда ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқаны айтылды, аталмыш іс-шара соның бір көрінісі екенін айтты. Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, өрт сөндіру қызметкерлерінің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды.

 

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы                    

күрес жөніндегі облыстық

орталықтың Шиелі ауданындағы

филиалының эпидемиолог

көмекшісі Т.Досаев