19 Қазан 2020
3122

ҒАСЫР ДЕРТІ

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау ұйымының  мәліметтеріне жүгінсек, әлемде ВИЧ (АИТВ-адамның имунитет тапшылығының вирусы) инфекциясын жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кеткен,оның ішінде шамамен 3,5 миллионы балалар. Алайда, барлық АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың ішінде 20-40 жас аралығындағылар басым көпшілігін құрап отыр. АИТВ  алғаш рет 1981 жылы АҚШ -та тіркелген. Бұған дейін бұл ауру өте сирек кездесетін,10 млн халыққа 1-2 оқиғадан  60 жастан ересектерде ғана. Бірақ сол жолы  жасы 30-ға жетпеген ауру адамдардың көбі 20 ай ішінде көз жұмған. 1981 жылы Лос –Анжелесте тағы бір топ адам пневмоцистік пневмониямен  ауырып, бұл дүниемен қош айтысқан.  1983 жылы екі ғалым Льюк Монтанье, Роберт Галло осы дерттің қоздырғышы вирус екенін анықтады . Жылма жыл осы дертке шалдыққандардың саны көбейюде . 2020 жылдың 9 ай  қорытындысымен  Қазақстанда 39062 , облысымызда 172 адам АИТВ жұқпасымен тіркелген.                                                                                                                      

АИТВ – инфекциясы қандай жолдармен таралады? Бірінші жолы –жыныстық қатынас арқылы, екінші жолы –екіқабат әйелдерден балаға немесе жаңа туған нәрестеге,үшінші жолы-қан арқылы, нашақорлар арасында жиі кездеседі.  Бұл дертке шалдыққан адамдарды емдеу үшін бір жылға 8-10 мыңға дейін АҚШ доллары қажет. Ағзаны толық вирустан тазартуға әлі ем жоқ, тек аурудың өмірін ғана ұзартуға мүмкіндік болып отыр.              

ЖИТС- жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы АИТВ- инфекциясының соңғы сатысы. Адам ағзасында пайда болған қоздырғыш имундық жүйенің маңызды клеткалары –лимфоциттерді жояды.  Кез келген адам қанында бір текше миллилитрдың саны 800- ден 1200-ге дейін  лимфоциттер болады. Егер бұл клеткалардың саны  500-ге төмендесе, адам әр түрлі қоздырғыштарды, микробтарды тез қабылдайды.ВИЧ көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп,оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамға жұғуы мүмкін. Көптеген адамдар АИТВ –ті өз басына төнеді деп ойламайды. Себебі, қоздырғыш белгісі адам бойынан табылғаннан бастап ауру дамығанша 10 және одан көп жылдар өтуі мүмкін.  Алапат аурудан бойды бойды аулақ ұстау мен өз денсаулығыңды, болашағыңды қорғауды ең сенімді, тура жолы-есірткіден бас тарту және бейберекет, кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды аулақ салу.Тіпті, бір ғана жыныстық қатынасқа түсу,бір ғана инемен дәрі егу кез келген адамды  қауіпті  инфекцияны  жұқтырып алуға апарып соқтыруы мүмкін. Әр адам өз денсаулығы үшін, өсіп келе жатқан ұрпағы үшін ойлануы керек!                                          

А.Оразбаева ,Сырдария  аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері