18 Қыркүйек 2020
1245

АИТВ инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу

Қызылорда облыстық ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы Қазалы филиалында зертхана дәрігері А.Рахметова  аудандық емдеу алдын алу мекемелерінің  егу бөлмелерінің мейірбекелері және лаборанттары  арасында «Зертханалық зерттеу жұмысының преаналитиқалық сатысының мәселелері, АИТВ –ны кәсіптік жұқтырудың алдын-алу шаралары» және экспрес тест жүргізу ережесі тақырыбында семинар өткізді.

 

Семинарда Қазақстандағы және облыстағы АИТВ/ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ инфекциясына қан алу, сақтау, тасымалдау барысы, тұрғындарды АИТВ-ға тестілеу ережелері,  АИТВ жұқтырғандарға байланысты дискриминация және стигма мәселелері туралы презентациялар жасалды.

 

Семинарға қатысулар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Қазалы филиалы ИФА зертханасы дәрігері А.Рахметова