Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға генитальды ұшық, мерез, соз ауруы,хламидиоз,уреоплазма аурулары жатады. Мерез , генитальды ұшықтар жара шығу арқылы байқалса ,ал соз , хламидиоз аурулары симптомсыз өтеді. Сондықтан АИТВ шалдыққандарда аталған инфекциялар анықталуы мүмкін,сол себепті аталған инфекцияларға тексерілуге міндетті. Егер адамда ЖЖБЖ және АИТВ бар болатын болса, онда серіктесіне аурудың жұғу ықтималдығы жоғары болады. Соңғы жылдары ЖЖБЖ шалдығушылар саны артуда және дәрілік препараттарға төзімділік байқалуда. ЖЖБЖ ерекшелігі оның жұққыштығының жоғарылығында және адам денсаулығына тигізетін әсерінің көптігінде. Егер адамдар өз ағзасынан жыныс жолынан иісті ылғалды бөліністі байқаса, жара шықса,қышыну,ауру сезімдерін байқаса дереу дәрігерге қаралу қажет.Тиісті талдаулардан кейін анықталған инфекцияға сәйкес ем тағайындалады. Егер дәрігерге қаралмай өздігінен емделген жағдайда диагнозды нақтылауды қиындатады. ЖЖБЖ шалдыққандар уақытылы емделмесе әйелдерде жүктілік кезінде түссікке ,бедеулікке ,әр түрлі гармоналды бұзылыстарға әкеледі. Көп жағдайда АИТВ инфекциясы да ЖЖБЖ да жасырын түрде өтіп созылмалы ағымға әкеледі. Себебі АИТВ инфекциясы жұқтырғаннан кейін 3 айға дейін анықталмайды,жасырын өтеді. Ауруды АИТВ тестілеу арқылы ғана анықтауға болады.
ЖЖБЖ кезінде ағзаның өзін –өзі емдеуі жүрмейді. Ал егер белгілі бір кезде симптомдар жоғалып кетсе - бұл аурудың жасырын түріне ауысқан белгісі болып табылады. Сондықтан да инфекциялар неғұрлым ерте анықталса, сол ғұрлым инфекциялардан емделуге және оның асқынуын болдырмауға мол мүмкіндік болмақ.
Жыныстық жолмен берілетін жұқпаларға жеке тоқталсақ:
Соз( гонорея) ауруы- жыныстық жолмен берілетін ауру. Бұл ауру ерлер және әйелдер гонореясы болып бөлінеді. Ерлер гонореясында аурудың белгілері 3-5 кү аралығында байқалады, бастапқы кезде несепағардың алдыңғы бөлігінде қышу,ашу сезімі байқалады,кейіннен іріңді бөліністенр бөлінеді. Егер осы кезде емделмесе қуыққа инфекция тереңдеп,созылмалы ағымға ұласады. Ал әйелдерде жұғу жолдары жыныстық жолдан басқа,тұтыну заттары арқылы да жұғады. Ол әйелдердің жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшелігіне байланысты. Жедел кезеңде несепағар өзегі ауырады,қызарады,бөліністер бөлінеді. Дер кезінде емделмесе жатыр мойнын зақымдап,жүктілік кезінде қиындықтарға,асқынуларға әкелуі мүмкін.
Мерез (сифилис)- жыныстық жолмен жұғатын ауру, асқынумен өтетін ауру. Бұл аурудың клиникасында жыныс мүшелерінде қатты шанкр және денеге бөртпе шығады. Егер дер кезінде емделмесе созылмалы ағымға ұласады.
Гениталдық герпес –жыныс мүшелеріне шығатын ұшықты вирустан туындайтын ауру. Денеде везикулезді бөртпелер шығады, кейііннен ойықты жараға ұласып,нерв талшықтарына әсер етеді. Генитальды герпес тұқым қуалайтын ауруларға жатады ,себебі ол анадан балаға жұғады.
АИТВ инфекциясына шалдыққандарда бұл аурулар анықталуы мүмкін ,себебі иммундық жүйенің қызметі төмендегенде кез адам ағзасы келген ауруға бейім болады.
Қорыта келе жеке бастың тазалығын сақтап, қорғалмаған жыныстық қатынастан,зиянды әдеттерден аулақ болған жағдайда кез келген аурудың алдын алуға болады.
Жалағаш аудандық психоәлеуметтік
кабинет дәрігері Бекниязова Айман.