15 Мамыр 2020
2816

17 мамыр – ЖИТС-тен (СПИД) қайтыс болғандарды еске алу күні

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүниежүзі бойынша ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтіледі.
ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 1983 жылы алғаш рет Сан-Францискода өткізілген. Қазіргі таңда бұл күнді атап өту жер шарында дәстүрге айналып отыр. Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты - АИТВ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген адамдарға бұл жағдайдың әрқайсысының басынан өтуі мүмкін екендігіне ойлануға, сонымен қатар осы аурудың қармағында кеткен адамдарды еске алуға, АИТВ/ЖИТС ауруымен өмір сүріп жатқан достарымыз бен жақын адамдарымызға қолдау көрсетуге, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын АИТВ/ЖИТС эпидемиясына баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Қазіргі таңда жер бетінде 60 млн. адам АИТВ инфекциясын жұқтырып тіркеліп отыр. Бүгінгі күні республика бойынша ВИЧ жұқтырып тіркелгендер саны 37000-нан асса, облыс бойынша 163 адамнан АИТВ жұқпасы анықталған.
Бұл күнде АИТВ/ЖИТС проблемасына байланысты теле және радиобағдарламалар, қайырымдылық концерттер мен акциялар, суретшілер көрмесі т.б көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні адамдар кеуделеріне қызыл лента тағып шығады. Қызыл лента ВИЧ пен өмір сүретін адамдарды қолдау, сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау, ұлт пен ұлысты, жас пен жынысты таңдамайтын індеттің жақын арада емі табылады және ауруды жеңеміз деген үміт символы болып табылады.
АИТВ/ЖИТС жөнінде сұрақтар маза бермеген жағдайда 23-41-50 сенім телефоны жұмыс істейтіндігін хабарлайды.