Бүгін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігер эпидемиолог көмекшілері Қ.Бекова және И.Касымова, Қызылорда көпсалалы Ұлағат колледжі студеттері арасында «АИТВ инфекциясының індеттік ахуалы, жұғу жолдары. АИТВ –дан сақтану шаралары.
Салауатты өмір салты – АИТВ-ның алдын алудағы басты шарт. Дискриминация, стигманың алдын алу» туралы кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ҚРДСМ-нің 31.01.2019ж №30 бұйрығымен бекітілген АИТВ-ның және терівенерологиялық аурулардың алдын алу бойынша Жол картасына және Облыстық ЖИТС орталығының жылдық жоспарына сәйкес іс-шараларды жүзеге асыру.
Жастарды АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы кеңінен ақпараттандыру.
Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттерге ақпараттық танымдық материалдар таратылып, видеороликтер, слайдтар көрсетілді.
Бекова Қ., эпидемиолог көмекшісі'